Әдістеме және кеңес аудит материалдары сапасының іргелі негіздері

Әдістеме және кеңес аудит материалдары сапасының іргелі негіздері

Комитет 2024 жылға арналған жоспарлы бағалау нәтижелері бойынша Жамбыл облысы әкімінің аппаратының Ішкі аудит қызметінің жұмысын қорытындылады.

Жоспарлы бағалау нәтижесіне сәйкес, Қызметтің жұмысы тиімді деп танылып, көрсеткіш 82%-ды құрады.

Атап айтқанда, Қызмет жұмысында кейбір кемшіліктер анықталды, олардың ішінде аудит нысандарын таңдауда тәуекелдерді тиісінше талдаудың болмауы, сондай-ақ ішкі аудит қызметтері қызметінің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді.

Комитет Қызметтің қызметіндегі тәуелсіздік пен объективтілік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуді, аудиттік іс-шараларды жоспарлау кезінде тәуекелге негізделген тәсілдерді қолдану бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыру шараларын қабылдауды, сондай-ақ Қызметтің рөлін ішкі бақылау жүйесінің тиімді элементі деңгейіне дейін күшейтуді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне жедел әрекет етуге және пәрменді ұсынымдарды іске асыруды қамтамасыз етуге қабілетті болуды ұсынды.

Ішкі аудит қызметтерінің тиімділігін арттыру мақсатында Комитет қызметкерлері тарапынан консультативтік және әдістемелік көмек көрсетілді.