2022 жылдың 3 тоқсанында ҚР ҚМ ІМАК Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі мәтін бойынша-Департамент) жалпы сомасы 35 461,3 млн.теңгеге бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін қамтитын 137 аудиторлық іс-шара өткізді.
Нәтижелері бойынша жалпы сомасы 22 486,8 млн.теңгеге бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 1 760,8 млн. теңге, рәсімдік бұзушылықтар – 20 725,9 млн. теңге.
Мемлекеттік аудит объектілеріне 131 нұсқама жіберілді.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 29 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жіберілген бұзушылықтар үшін 139 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қылмыстық қудалау органдарымен өзара іс-қимыл аясында іс жүргізу шешімін қабылдау үшін іс жүзінде жыл басынан бастап Меморандумға сәйкес ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне 270,4 млн.теңге қаржылық бұзушылықтар сомасына 13 аудит материалы берілді.
Шағым-талап жұмысы бойынша Департамент сотқа 5 талап арыз беріліп, олар толық көлемде қанағаттандырылды.
Камералдық бақылаумен 911 374,5 млн.теңге сомасына 66 686 мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды, нәтижесінде 107 970,2 млн. теңге сомасына 2640 лот бойынша бұзушылықтардың уақтылы жолы кесілді.
Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған семинарлар, соның ішінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті мен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен семинарлар тұрақты негізде өткізіледі.
2022 жылдың 3 тоқсанында Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған 56 іс-шара өткізілді.
Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері Департамент басшылығының тұрақты жеке бақылауында.
ҚР ҚМ МҚА Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті