Меню

Страницы

Статья

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2022 жылғы 9 ай бойынша жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары

2022 жылғы 9 ай бойынша Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік аудиторлары 94 аудиторлық іс-шара өткізді, оның барысында 25 397,9 млн. теңге сомасына бюджет заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 16 884,5 млн. теңге және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар - 8 513,4 млн. теңге.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 13 395,0 млн. теңге қалпына келтірілді және өтелді.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы 70 нұсқама жолданды, олардың ішінде 69 нұсқама толық көлемде орындалды.

Жіберілген бұзушылықтар үшін 6 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 94 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, жалпы сомасы – 1 647,2 млн. теңгеге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер еткендер – 307,4 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауды бұзушылықтар анықталды.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын камералдық бақылау нәтижелері бойынша 14 247,8 млн. теңге сомасына 701 хабарлама жіберілді.

 

 

 Қостанай облысы бойынша  Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

 

Дата публикации
18 октября 2022
Дата обновления
18 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы