Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі – Департамент) ағымдағы жылдың 9 айына «Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасы» ММ-де 2020-2021 жылдарға арналған алушылардың электрондық шот-фактуралары негізінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге төленген субсидияларды төлеудің негізділігі мәселесі бойынша «Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ аудиторлық іс-шаралар жүргізілді.
Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өзара іс-қимылы кезінде бюджет процесіне қатысушыларды әкімшілендіру бойынша жұмыс жүргізілді, онда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің «Qoldau.kz» веб-платформасы арқылы электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алу және жою фактілері анықталды.
Соның салдарынан алушыларға растайтын құжаттары болмаған жағдайда жалпы сомасы 10 403,7 мың теңгеге бірқатар субсидиялар төленгені анықталды. Қаржылық бақылаудың қабылданған ден қою шараларымен Департамент бюджет қаражатының негізсіз шығыстарын республикалық бюджет кірісіне толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етті.
ҚР ҚМ ІМАК Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті