Комитет 2022 жылдың 9 айында аумақтық Департаменттердің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізді.
Көрсетілген кезеңде сапа бақылауымен 347 аудит материалдары, оның ішінде 344 ІМАД-нің материалдары және 3 Комитеттің орталық аппаратының материалдары қамтылды.
Екінші деңгейдегі сапаны бақылау нәтижелері бойынша 38 материал Стандарттарға сәйкес келмейді деп танылды, оның ішінде 35 ІМАД-нің материалдары, (барлық қамтудың 10,2%) 3 Комитеттің орталық аппаратының материалы (0,9%).
ІМАД-де 23 материал стандарттарға сәйкес келеді және 286 материал ескертулермен сәйкес келеді деп танылды.
Естеріңізге сала кетейін, өткен жылдың 9 айында сапаны бақылаумен барлығы 369 аудит материалы қамтылған, оның ішінде 354 ІМАД материалы, оның 34-і (9,6%) Стандарттар мен қағидаларға сәйкес келмейді деп танылған, 23-і (6,5%) - ескертулерсіз сәйкес келеді деп танылған.
Ағымдағы жылдың 9 айында екінші деңгейдегі сапа бақылауымен орта есеппен ІМАД-нің 20-21 материалдары қамтылды. Сонымен қатар, аудит нәтижелерін салыстырмалы талдау материалдар сапасының төмендегенін және ішкі аудиттің жалпы стандарттары мен қағидаларына сәйкес келмейтін материалдар санының артқандығын көрсетеді.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, департаменттердің басшыларына:
- Стандарттарға сәйкес келмейтін аудиторлық іс-шаралар жүргізген және оны жүзеге асыруға жауапты, сондай-ақ бірінші деңгейдегі сапаға бақылау жүргізген барлық лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарауды;
- аудиторлық іс-шаралардың сапалы жүргізілуін, аудиторлық есептерді жасалуын және бірінші деңгейдегі сапаны бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз етуді;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жан-жақты, толық және объективті қарауды қамтамасыз етуді;
- сапа бақылауын толыққанды жүргізу мақсатында «Ішкі мемлекеттік аудит. Тәуекелдерді басқару жүйесі» кіші жүйесін уақытылы және сапалы толықтыруын қамтамасыз етуді;
- «Басқару» стандартын іске асыру жүктелген лауазымды тұлғалар мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың барлық кезеңдерінде, оның нәтижелері бойынша аудиторлық есептерді дайындауда, сондай-ақ мемлекеттік аудит нәтижелерін іске асыру процесінде жүйелі бақылау мен бақылауды жүзеге асыру тапсырылды.