Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2022 жылдың 9 айына камералдық бақылау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен ағымдағы жылдың 9 айында электрондық сатып алу жүйесі қалыптастырған мәліметтер негізінде, камералдық бақылау аясында 6 598 жағдайда 20,6 млрд. теңге сомаға тапсырыс берушілердің шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсімдері қамтылды.

Талдау көрсеткендей, шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін таңдау кезінде тапсырыс берушілермен жиі жол берілетін бұзушылықтар сатып алу нысанасын зияткерлік меншік құқығының объектілеріне негізсіз жатқызу, аяқталғанға дейін шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілін қолдану қажеттілігі туындайтын, бәсекелестік негізде мемлекеттік сатып алуды өткізбей күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу болып табылады.

Сондай-ақ, аумақтық бірлік әкімдерінің аппараттары болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес, тікелей шарт жасасу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушілердің негізсіз таңдауы орын алған.

Камералдық бақылау объектілеріне 1,3 млрд.теңге сомасына бұзушылықтарды жою туралы 389 хабарлама жіберілді.

 

 

ҚР ҚМ ІМАК Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Дата публикации
11 октября 2022
Дата обновления
11 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы