Астана қаласы әкімдігінің "№70 мектеп-лицейі" МКК-де жүргізілген аудиторлық іс-шарамен жалпы сомасы 585 034,9 мың теңгеге бұзушылықтар, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 490 935,2 мың теңгеге және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 94 099,7 мың теңгеге анықталды.
Аудит нәтижесінде анықталған қаржылық бұзушылықтарға ҚР заңнамасының талаптарын сақтамау салдарынан жол берілген.
Аудит барысында анықталғандай, Кәсіпорын жалпы сомасы 31 472,2 мың теңге пайдаланылмаған трансферттерді қайтармаған.
Сондай-ақ, Кәсіпорын қызметкерлеріне нормативтік оқу жүктемелері бойынша жалақы бойынша артық төлем жүргізіліп, жалпы сомасы 1 220,7 мың теңгені құрады. Кәсіпорын жалпы сомасы 1720,0 мың теңгені құрайтын құрал-жабдықты пайдаланбайды.
Бұған қоса, Кәсіпорынмен сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді алуды тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден 8 725,5 мың теңге сомасына заңсыз шарт жасалды.
Жіберілген бұзушылықтар үшін Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Анықталған қаржылық бұзушылықтар аудит объектісі тарапынан заңнаманы қолдану деңгейінің төмендігін, сондай-ақ аудит объектісі басшылығы тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетеді.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша аудит объектісінің атына анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды, нәтижесінде Кәсіпорынмен есепке алу бойынша көрсету жолымен 456 613,4 мың теңге қалпына келтірілді, 32 692,9 мың теңге бюджетке қайтарылды.
Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті