Меню

Страницы

Статья

Жаңа Әдеп кодексі - мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың іргетасы

2022 жылғы ақпанда еліміздің Президенті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясын бекіткені белгілі.  Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшінің моральдық қағидаттары мен құндылықтарына үлкен мән беріледі. Өйткені моральдық қағидаттардың болмауы теріс құбылыстарға, теріс пайдаланушылыққа, сыбайлас жемқорлыққа айтарлықтай ықпал етеді. Бұған қоса, мемлекеттік қызметтің адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану секілді әдептік қағидаттары айқындалды. Қазіргі заманғы мемлекеттік қызметшілердің басты мақсаты-азаматтардың қоғамдық мүдделеріне қызмет ету. Сондай-ақ,  Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты нығайтуда және сындарлы ынтымақтастықты орнатуда маңызды болып табылады.

Осы тұста, Департамент басшылығына және Әдеп жөніндегі уәкілге мемлекеттік аудиторлардың аудиторлық іс-шараларды жүргізу кезінде әдепсіз іс-әрекеттер немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін іс-әрекеттер жасау фактілері туралы хабардар ету үшін Департаментте сенім телефоны (32-17-01) жұмыс істейтінін, көрнекті жерде Департамент қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне қарсы азаматтардың өтініштері, шағымдары мен арыздарына арналған жәшік орнатылғанын атап өту керек.

Осылайша, Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтау мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін арттыруға оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.

 

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

 

Дата публикации
23 сентября 2022
Дата обновления
23 сентября 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
Мемлекеттік қаржы ашықтығын арттыру: онлайн бюджеттік мониторинг жүйесінің 2026 жылғы қыркүйек айының қорытындысы
Ақпарат
05 октября 2026
Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі бойынша 2026 жылға арналған ақпараты
Баяндама
24 сентября 2026
«Хромтау ауданы Аққұдық ауылы әкімінің аппараты» ММ-гі аудит нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы