Ағымдағы жылдың басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері 9 айдың қорытындысы бойынша 462 лауазымды тұлғаға әкімшілік іс қозғады, оның 283-і жалпы сомасы 28 млн. теңгеге айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды. Қасақана төлемеушілерге мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады.
Департаменттің ұйғарымдары негізінде де, сот шешімдері бойынша да қаржылық бұзушылықтар сомасын бюджет кірісіне өтеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.
Бақылау шараларының нәтижелері бойынша жалақы, жалақыға заңсыз үстемеақылар, іссапар шығыстары және өзге де төлемдер бойынша негізсіз төлемдер анықталды.
Неғұрлым жиі кездесетін бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу саласында, атап айтқанда: заңда көзделмеген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімін қолданбай шарттар жасасу; әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін негізсіз қабылдамау немесе біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді қатысуға негізсіз жіберу арқылы жасалады; өздерінің шарттық міндеттемелерін тиісінше орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы талап-арыздармен сотқа негізсіз не уақтылы жүгінбеу, мұның өзі соңғысының жазасыздығына әкеп соғады.
Бүгінгі күні Департамент өз қызметі шеңберінде мемлекеттік мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың бірінші басшыларына, бас бухгалтерлеріне және басқа да басшы лауазымды тұлғаларына қатысты 457 әкімшілік іс қозғады.
Есептік кезеңде Департаментпен салынған айыппұлдар сомасы 30 928 494 теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет кірісіне 28 202 424 теңге өндірілді.
Бақылау объектілерінде анықталған бұзушылықтарды талдау олардың үлкен үлесі мектепке дейінгі, жалпы білім беретін және мамандандырылған оқу орындарына тиесілі екенін көрсетті. Бұл тәжірибе басқарушы лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сатып алу саласында да, бухгалтерлік есеп саласында да ҚР қолданыстағы заңнамасын білуінің төмен деңгейін көрсетеді.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы бұзушылықтарға, әдетте, лауазымды адамдар, көбінесе басшылардың өздері жол беретіндігін ерекше атап өткен жөн, өйткені шешім қабылдау кезінде олар қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алмайды немесе ескірген нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Сонымен қатар, олар жауапты қызметкерлердің кәсібилік деңгейін көтермейді, бұл сайып келгенде мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар қызметінің төмен деңгейіне әкеледі.
Департамент қызметінің бір бағыты мемлекеттік сатып алу саласында, бюджет заңнамасы мен Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында бұзушылық анықталған жағдайларда прокуратура, сот жүйесі, есеп комитеті, тексеру комиссиясы органдарынан және ішкі аудит қызметінен келіп түсетін материалдар бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғау болып табылады.
Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті