Дәстүрлі мемлекеттік бақылау бюджет қаражатының мақсатты бағытын сақтауға бағытталған, алайда іс жүзінде көбінесе күтілетін нәтижелерге қол жеткізілмейді.
Бұл ретте, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен құрылыс саласындағы сарапшыларды тарта отырып, Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына сәйкестігіне өткізген аудиторлық іс-шарасын атап өтеміз.
Аудит қорытындысы бойынша бюджет қаражаты заңнаманы бұза отырып жұмсалғаны анықталды, олар келесіде көрсетілген.
Көлік басқармасы нақты көлемі орындалған жұмыстарға сәйкес келмейтін жұмыстарды қабылдаған және төлеген, орындалмаған жұмыстардың жалпы құны 246 697,2 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, жобалау- сметалық құжаттамада көзделмеген жұмыстар үшін 1 134 424,1 мың теңге сомасында төлем жүргізілді. Өнім беруші Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып, 21,0 мың теңге сомасына шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жоқ.
Бұдан басқа, Басқармамен жалпы сомасы 1 542 156,2 мың теңгеге сметалық құжаттаманың оң қорытындысы болмай, құрылыс-монтаждау жұмыстарына жол берілген.
Аудит нәтижелері бойынша Басқарманың атына анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті