Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-де «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде жоқ немесе өнім берушілер қайтарып алған электрондық шот-фактуралар негізінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидияларды төлеудің негізділігі туралы, сондай-ақ субсидиялар алушылардың БСН сәйкес келмеу фактілері бойынша бойынша сәйкестік аудиті жүргізілді.
Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 13 492,9 мың теңге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 1 142,9 мың теңге, процессуалдық сипаттағы бұзушылықтар – 12 350,0 мың теңге.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 23 шілдедегі №317 бұйрығымен бекітілген «агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялау процесінде шеккен шығындардың бір бөлігін өтеуді субсидиялау қағидаларын» бұзып, мекеме 2020 жылы екі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге растайтын құжаттарсыз жалпы сомасы 1 142,9 мың теңге субсидия төлегені анықталды, бұл сома бюджетке өтелді.
Сондай-ақ жоғарыда аталған агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялау процесінде шеккен шығындардың бір бөлігін өтеуді субсидиялау Қағидаларын және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VI ЗРК Кодексін бұзып, 2020 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнім берушілері, қайтарып алынған шот-фактуралардың орнына қағаз жеткізгіште жалпы сомасы 6 150,0 мың теңгеге шот-фактураларды, сондай-ақ электрондық шот-фактураларды беру мерзімдерін бұзу арқылы 6 200,0 мың теңге сомасында шот-фактураларды жазып берді.
Қарағанды облысы бойынша ІМАД сәйкестік аудиті бөлімі