Меню

Страницы

Статья

Екібастұз қаласының Балабақшасында ақшалай қаражат ұрлау фактісі бойынша

Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен Екібастұз қаласының балабақшасында мемлекеттік аудит жүргізілген болатын.

Аудит барысында 2022 жылдың маусым айында балабақша есепшісі жеке карт – шотына 17,0 млн теңгеге жуық қаражатты негізсіз аударғандығы анықталды (бюджеттік қаражатты ұрлау).

Бухгалтердің түсініктемелеріне сүйенсек, 2022 жылдың 14 маусымында бақша есепшісі әлеуметтік желіде Мұхтар Жәкішевтің платформасында ақша табу туралы хабарландыруды көріп, содан кейін сілтеме бойынша оған компания өкілі хабарласқан.

Әңгімелесу барысында ол есепшіге табыс табу үшін белгілі бір соманы аударуды көндірді, содан кейін бақша қызметкері ақшаны компания өкілінің есепшотына аударады.

Есепшінің карт-шотына аударылған бұл қаражат балабақша қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге, сондай-ақ сауықтыру жәрдемақыларына, салықтарға, коммуналдық төлемдерге және т.б. арналған болатын.

Жүргізілген аудит жөніндегі материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының үкімімен балабақша есепшісіне 5 (бес) жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6 (алты) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ҚК-нің 63-бабының негізінде тағайындалған жаза шартты деп танылды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

 

 

Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

 

 

Дата публикации
04 августа 2022
Дата обновления
04 августа 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
Мемлекеттік қаржы ашықтығын арттыру: онлайн бюджеттік мониторинг жүйесінің 2026 жылғы қыркүйек айының қорытындысы
Ақпарат
05 октября 2026
Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі бойынша 2026 жылға арналған ақпараты
Баяндама
24 сентября 2026
«Хромтау ауданы Аққұдық ауылы әкімінің аппараты» ММ-гі аудит нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы