Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2022 жылдың 8 айында мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау шеңберінде қамтылуға тиіс 10713 сатып алудың сомасы 412 035,4 млн. теңгенің 10640 сатып алуы қамтылды (99%). 1211 сатып алу бойынша жалпы сомасы 32 418,5 млн. теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды.
Бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік сатып алу қорытындыларын жою, қайта қарау немесе оларды талқылау шеңберінде конкурстық құжаттама жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы толық көлемде орындау үшін тапсырыс берушілерге 1201 хабарлама жіберіліп, бүгінгі күні жалпы сомасы 29 523,3 млн. теңгеге 1146 хабарлама орындалды.
Осы жылдың 7 айында Департаментпен барлығы 20 камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар белгіленген мерзімде орындалмаған. Департаментпен тиісті ден қою шараларын қабылдау мақсатында 3 мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операциялары тоқтатылған, Кодекстің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес 20 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оның ішінде 3 әкімшілік іс сотпен тоқтатылған, 17 әкімшілік іс бойынша барлығы 542,2 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, бюджет кірісіне толық өндірілген.