Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы аудиторлық іс-шаралар нәтижесі

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2022 жылдың  І жартыжылдығының қорытындысы бойынша 122 аудиторлық іс-шара өткізілді, оның ішінде  112 іс-шара -жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекетттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін, 10 іс-шара - республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қамтиды.

Аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 28854,6 млн. теңгеге бюджет қаражаттары және мемлекет активтері қамтылып, жалпы сомасы 21194,8 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтардың  сомасы 4006,5 млн.теңгені және   рәсімдік  сипаттағы бұзушылықтар 17 188,3 млн. теңгені құрады.

Есепті кезеңде анықталған жалпы сомасы 4006,5 млн. теңге қаржылық бұзушықтардан 3889,6 млн. теңге (97,1%)  өтелді және  қалпына келтірілді, оның ішінде өтелуге жататыны – 612,5 млн. теңге болса, бюджетке 609,2 млн. теңге (99,5%) өтелді. Жұмыстармен, қызметтермен және тауарлармен қалпына келтіру, есеп бойынша көрсету сомасы  3393,9 млн. теңгені құрады,  тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету және есеп бойынша көрсету  арқылы жалпы сомасы 3280,4 млн. теңгеге  (96,7 %)  қалпына   келтірілді.

2022 жылдың  І  жартыжылдығында камералдық бақылаумен 309903,2 млн. теңге соманың  15953 лоты мен жоспар  тармақтары (қамту 98,4%  құрайды) қамтылды, 1100 лот бойынша 39895,2 млн.теңгеге  бұзушылықтар  аңықталды.

Департамент тарапынан есепті кезеңде 330 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 23209,9 мың. теңге сомасына әкімшілік жаза салынды және ол толығымен  бюджетке өндірілді.

Сондай-ақ  ағымдағы жылдың аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 70 лауазымды тұлға  тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

 

Дата публикации
14 сентября 2022
Дата обновления
14 сентября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы