Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2022 жылдың I жарты жылдығында 70 аудиторлық іс-шара өткізілді, оның ішінде ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 12 аудиторлық іс-шара және жоспардан тыс 58 аудиторлық іс-шара.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 22 474,3 млн. теңге бюджет қаражаты қамтылды, тексеру қорытындылары бойынша 13 888,6 млн. теңге сомасында бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- 367,8 млн. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар (немесе 3 %);
- 13 520,8 млн. теңге сомасына рәсімдік бұзушылықтар (немесе 97%).
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 70,4 млн.теңге қалпына келтірілді және өтелді (немесе 19%).
Жіберілген бұзушылықтар үшін 54 қызметкер жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 43 лауазымды тұлға тәртіптік тәртіпте, 11 лауазымды тұлға 1,0 млн. теңге айыппұл сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жалпы сомасы 221,3 млрд. теңгеге 11 499 лот қамтылды және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 815,4 млрд.теңге сомасына 1252 хабарлама жіберілді.
Департамент ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді. Есепті кезеңде барлығы 9 311,5 мың теңге айыппұл түрінде 125 әкімшілік жаза салынды, олар толық көлемде өндірілді.