Меню

Страницы

Статья

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша 2022 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы

Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2022 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау шеңберінде мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы Алматы қаласының тапсырыс берушілері жүзеге асырған 18 426 тексерілген рәсімдердің 399 рәсімінде жалпы сомасы 2 972,6 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша кемшіліктерді жою туралы хабарламалар жіберілді.

Бұзушылықтарды жою туралы жіберілген хабарламалар Мемлекеттік сатып алу қорытындыларын жою, қайта қарау немесе оларды талқылау шеңберінде конкурстық құжаттама жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы толық көлемде орындалды.

Өткен кезеңде мерзімінде орындалмаған хабарламалар бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабына сәйкес жалпы сомасы 0,4 млн.теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 207-бабына сәйкес жалпы сомасы 1,2 млн.теңге. жасалған хаттамалар бойынша барлығы 1,7 млн. теңге өндірілді.

 

Бейсенбеков Даурен Мұхтарұлы Алматы қаласы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы

Дата публикации
10 августа 2022
Дата обновления
10 августа 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы