Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2022 жылдың 7 айында 63 аудиторлық іс-шара өткізілді, оның ішінде:
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша - 34 немесе 53,9%;
- Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес - 17 немесе 27,0 %;
- бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша - 5 немесе 8%;
- бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына байланысты мәселелер бойынша - 7 немесе 11,1%.
Аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 18,7 млрд. теңгеге бюджет қаражаты қамтылды, оның барысында жалпы сомасы 14,2 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды, бұл қамтудың 76% - ын құрайды, қаржылық бұзушылықтардың үлесіне 1,1 млрд. теңге келеді.
Департаменттің есепті кезеңде анықтаған жалпы сомасы 1,1 млрд. теңге қаржылық бұзушылықтардың 47,2 млн.теңге сомасы өтелуге, 386,1 млн. теңге сомасы қалпына келтірілуге, 632,8 млн. теңге сомасы есепке алуға жатады.
Қабылданған шаралармен 2022 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша 1,05 млрд.теңге өтелді және қалпына келтірілді, бұл 95,4% - ды құрайды.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 89 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген жол берілген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 29,3 млн. теңгеге айыппұл түрінде 206 әкімшілік жаза қолданылды, бюджетке өндіріп алынған айыппұл сомасы 28,1 млн. теңгені немесе 96,1% құрайды.