Меню

Страницы

Статья

ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2022 жылдың 2 тоқсанына аудиторлық және өзге де қызметінің қорытындылары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі-Департамент) 14 622,1 млн.теңгені қамти отырып, 76 аудиторлық іс-шара өткізілді.

Нәтижелері бойынша 1 163,6 млн.теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар және рәсімдік бұзушылықтардың 150 фактісі анықталды.

Қабылданған шаралармен бұзушылықтарды жою туралы 71 нұсқама енгізілді, олардың орындалу үлесі 91,5%-ды немесе 65 нұсқаманы құрады, соның ішінде 755 млн.теңге өтелді/қалпына келтірілді, бұзушылықтарға жол бергені үшін 103 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жасалған меморандумға сәйкес, іс жүргізу шешімін қабылдау үшін                4 аудит материалы құқық қорғау органдарына берілді.

Бұдан басқа, Департаментпен 2022 жылдың II тоқсанында жалпы сомасы 154,0 млрд.теңгеге 11 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды.

Камералдық бақылау объектілеріне 23,0 млрд.теңге сомасына бұзушылықтарды жою туралы 522 хабарлама жіберілді.

Ең жиі жол берілетін бұзушылықтар - техникалық ерекшеліктер мен конкурстық құжаттамаларда заңнамаға қайшы келетін талаптар мен шарттарды белгілеу. Мысалы: жұмыс тәжірибесі, ағымдағы жөндеу кезінде лицензияның болуын негізсіз талап ету, тауарды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) мерзімі 15 күнтізбелік күннен кем, біртектілігі бойынша лоттарға бөлінбеу, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері арасында сатып алуды жарияламау, техникалық ерекшелікті мемлекеттік тілде орналастырмау, ұлттық стандарттарды көрсетпеу, сондай-ақ негізсіз әлеуетті өнім берушілердің өтінімдеріне рұқсат беру және қабылдамау, жұмыс тәжірибесі үшін шартты жеңілдіктерді дұрыс есептемеу және т.б.

Талап-арыз жұмыстары аясында Департамент 2 талап-арыз берді, оларды соттар толық көлемде қанағаттандырды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру аясында Департамент қызметкерлері арасында 17 іс-шара өткізілді, оның ішінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті өкілінің қатысуымен.

Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің сайтында аудиторлық қызметтің нәтижелері туралы 22 мақала жарияланды.

 

 Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Дата публикации
29 июля 2022
Дата обновления
29 июля 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы