Меню

Страницы

Статья

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2022 жылдың 1 - жартыжылдығында жүргізілген аудиторлық іс-шаралар қорытындысы туралы

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2022 жылдың 1- жартыжылдығында  55 аудиторлық  іс –шара жүргізді.  

Аудиторлық іс-шаралар жүргізу барысында 52 905,1 млн.теңге қамтылып, жалпы сомасы 13 381,5  млн.теңгенің бюджет заңнамасының бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар сомасы  10 997,0 млн.теңге  және қаржылық бұзушылықтар сомасы 2 384,5  млн.теңгені құрап, бүгінгі күнге алынған  шаралармен 2 148,5 млн.теңгесі  қалпына келтірілді. 

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі баптарымен 204 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 11,4 млн.теңге айыппұл салынып, оның ішінде 11,3  млн.теңге  бюджетке  өндірілді.

Жіберілген бұзушылықтар үшін 52 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 2-еуі атқарып отырған қызметінен босатылды.

          Жалпы сомасы 1290,5 млн.теңгенің 8 аудит материалы құқық қорғау органына жолданды, оның ішінде 3 материал  бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде, 5 материал  бойынша қылмыс құрамының болмауы байланысты басқа мемлекеттік  мекемелерге тәртіптік жауапкершіліктерін қарауға жолданды.

         Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген камералдық бақылаумен 8572 рәсімдер қамтылып, 968 мемлекеттік сатып алулар бойынша жалпы сомасы 29 971,5 млн.теңгенің бұзушылықтары анықталды, олардың нәтижесімен жіберілген  хабарламалар  толықтай орындалды.

        Департаментке 656 өтініш  түсті, Заңда көзделген мерзімде  қаралып,  өтініш берушілерге жауаптары берілді.

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департамент

Дата публикации
25 июля 2022
Дата обновления
25 июля 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы