«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы » ҚР Заңында көзделген функцияларды орындау шеңберінде ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстыру арқылы мемлекеттік аудит объектісіне бармай-ақ камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру болып табылады.
2022 жылдың өткен кезеңі бойынша Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылаумен 13 923 мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қамтыды.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңі үшін камералдық бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша:
Хабарлама жіберілді-721;
Орындалған хабарламалар-665;
Хабарламаларды орындауда-56
2022 жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік сатып алу бойынша барлығы 1105 шағым түсті. 2022 жылғы 30 маусым жағдайы бойынша 884 шағым қаралды.
Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті