Меню

Страницы

Статья

2022 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін екінші деңгейдегі сапа бақылау нәтижелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - Комитет) 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында аумақтық ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің (бұдан әрі – ІМАД, Департамент) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын (бұдан әрі - стандарттар) және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын (бұдан әрі-қағидалар)сақтауын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізді.

Көрсетілген кезеңде барлығы 288 аудит материалдарының сапасы бақылаумен қамтылды, оның ішінде 226 Департаменттердің материалдары және 62 Комитеттің орталық аппаратының материалдары.

Екінші деңгейдегі сапаны бақылау нәтижелері бойынша 23 материал стандарттарға сәйкес келмейді деп танылды, оның ішінде 22 материал Департаменттердің  материалдары болса  (барлық қамтудың 9,7%) 1 материал Комитеттің орталық аппаратының материалдары (1,6%).

Департаменттерде барлығы 16 материал стандарттарға сәйкес келеді және 188 материал ескертулермен сәйкес келеді деп  танылды.

Анықтама: 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында сапаны бақылаумен барлығы 235 аудит материалы, оның ішінде 224 ІМАД материалы қамтылды, оның ішінде 23 материал (10,23%) стандарттар мен қағидаларға сәйкес келмейді деп танылды, 11 материал (4,9%) - ескертулерсіз сәйкес келеді деп танылды.

Комитет тарапынан да, Департаменттер тарапынан да қабылданып жатқан бірқатар шараларға қарамастан, стандарттар мен қағидаларға сәйкес келмейтін материалдардың саны төмендемейді (2022 жылғы 226-дан 22 және 2021 жылғы 224-тен 23-і).

Екінші деңгейдегі сапаны бақылаумен әр Департаменттен 13 материалдан қамтылды.

 Сәйкес келмейтін материалдар бойынша антилидер болып Ақтөбе облысы бойынша ІМАД танылды, ондағы қамтылған 13 материалдың 5-уі стандарттар мен қағидаларға сәйкес келмейді деп танылды.

Сондай-ақ, 13 материалдың үшеуі Шымкент қаласы бойынша ІМАД стандарттары мен ережелеріне сәйкес келмейді деп танылды.

Стандарттар мен қағидаларға сәйкес келмейтін екі материалдан Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Павлодар облыстары бойынша ІМАД-да танылды.

Өткен кезеңмен салыстырғанда Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары бойынша ІМАД өз көрсеткіштерін жақсартты, ондағы тексеруге  қамтылған 13 материалдардан  стандартқа сәйкес келмейтін материалдар анықталған жоқ.

2020-2021 жылдар ішінде Комитеттің сапаны бақылау басқармасы бұзушылықтар түрлерін дұрыс жіктемеу фактілері туралы барлық ІМАД-ға жеткізді.

Мәселен, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 18-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышына (бұдан әрі - бұзушылықтар сыныптауышы) сәйкес қаржылық және рәсімдік бұзушылықтардың екі түрі айқындалды.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар сомалары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамасы және (немесе) сот шешімі негізінде жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) есепке алу бойынша көрсету арқылы бюджетке өтелуге, қалпына келтірілуге жатады.

Алайда, екінші деңгейдегі сапа бақылауына алынған 21-ші ІМАД материалдары бойынша бірнеше рет ескертулерге қарамастан, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 7 441 705,5 мың теңге қаржылық бұзушылықтар тіркелген, алайда, екінші деңгейдегі сапа бақылауымен мемлекеттік аудиторлардың тұжырымдарының негізделмеуіне байланысты 5 866 648,4 мың теңге сомасындағы бұзушылықтар рәсімдік бұзушылықтарға қайта сараланды.

Сондай-ақ, сапа бақылауымен аудиторлық есепте тіркелмеген 2 бұзушылық анықталды. Мәселен, Алматы облысы Талғар ауданының білім беру бөлімінің аудиторлық есебінде аудитор Ж. Әділбек 716,4 мың теңге сомасындағы бұзушылықты жеке тармақпен тіркемеген.

Осыған ұқсас, ҚР ТЖМ Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінде жүргізілген аудитпен аудитор Ж.Тастанов 29,2 мың теңге сомасындағы бұзушылықты жеке тармақпен тіркемеген.

Материалдарға жүргізілген мониторингке сәйкес бұзушылықтардың дұрыс сараланбау фактілері барлық ІМАД-де байқалады. Мәселен қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде демалыстар бойынша резервті есептемеу, тозуды есептемеу немесе дұрыс есептемеу, дебиторлық және кредиторлық берешек сомаларын көрсетпеу, активтерді есепке алу шоттарындағы қалдықты дұрыс көрсетпеу, сондай-ақ құрылыс объектілерін уақтылы кіріске алмау (пайдалануға берілгеннен кейін), олардың сомасы аяқталмаған құрылыста көрсетілген деректер.

Сондай-ақ, аудиторлық материалдарды сапасыз ресімдеудің өсуі байқалады, осылайша есепті кезеңде  бұзушылықтардың 46 түрі бойынша сәйкессіздіктердің 665 фактісі анықталды.

Сонымен, IМАД материалдарындағы бірнеше рет ескертулерге қарамастан, төмендегідей бұзушылықтар жалғасуда:

- аудит бағдарламаларында мемлекеттік аудит көрсеткіштері көрсетілмеген, мәселелер 34 жағдайда нақтыланбаған, ол Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарын және Шымкент қаласын қоспағанда, барлық ІМАДде байқалады. Тексерілген 13 бағдарламаның 7-інде Атырау және Жамбыл облыстарының ІМАД-да бұзушылықтар анықталды. Алматы облысының ІМАД-де 13-тен 5 аудит бағдарламасында бұзушылықтар анықталды;

- аудиторлық есептерде аудитке тартылған құжаттардың деректемелерінің болмауы 54 жағдайда барлық ІМАД байқалады. Осылайша, бұзушылықтар Маңғыстау облысының  ІМАД-ның 13 аудиторлық есебінің 11-де, Алматы облысының және Нұр-Сұлтан қаласының ІМАД-дағы аудиторлық есебінің 5-інде, Ақтөбе, Атырау,Павлодар облыстарының ІМАД-дағы 13 аудиторлық есебінің  4-інде анықталған.

- 69 жағдайда аудиторлық есептің құрылымы № 392 Қағидалармен бекітілген құрылымға сәйкес келмеу фактісі барлық ІМАД байқалады.

- 50 жағдайда аудиторлық есепте мемлекеттік аудит көрсеткішіне жүргізілген аудит қорытындысының бағасы қамтылмаған  барлық ІМАД байқалады.

Сапаны бақылауды жүргізу сапасын жақсарту мақсатында аудиторлық іс-шаралар жобаларына және аудит нәтижелерін ресімдеуге, аудит нәтижелерінің сапасын үш кезеңдік бақылауға көшу мәселелері бойынша Басқармамен көшпелі семинарлар өткізіліп, онда сапаны бақылауды жүргізу міндеттері жүктелген ІМАД-дың барлық мамандары оқытумен қамтылды.

Осы оқуларды өткізу кезінде МА стандарттарын сақтауға қатысты мәселелерді талқылау кезінде жекелеген ІМАД (Ақтөбе, Ақмола, Түркістан ІМАД) аудиторларының белсенді қатысуы байқалды.

Анықталған кемшіліктерді егжей-тегжейлі зерделеуге және олардың қайталануына  жол бермеу үшін  сапаны бақылаудың барлық қорытындыларын басшылыққа  алуға   ай сайын ІМАД-ға жолданып отырылады.

Алайда, екінші деңгейдегі сапаны бақылау қорытындыларын зерделеу туралы ІМАД-дің ай-сайынғы Комитке жіберетін ақпаратына қарамастан, жоғарыда көрсетілген фактілер мемлекеттік аудит туралы заңнаманың,  "Басқару" стандартын талқылауды, сапаны бақылау рәсімін формальды түрде өткізілетіні, сондай-ақ ІМАД-дің басшылығы тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігін куәландандырады.

Екінші деңгейдегі сапа бақылауының қорытындысы Комитеттің барлық аумақтарына тиісті шара қолдану үшін жолданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 июля 2022
Дата обновления
11 июля 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы