Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданының білім бөлімі" ММ-де мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында әлеуметтік инфрақұрылымды және жан басына шаққандағы қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыруға бөлінген қаражаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне аудиторлық тексеру жүргізді.
Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 381 221,6 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар- 3 420,4 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар- 377 801,2 мың теңге.
2019-2021 жылдары орындалған қызметтер актісімен балалардың қатысым табельдерін салыстыру әдісімен ішанара аудит жүргізу кезінде ауданның мектепке дейінгі ұйымдарында дәлелді себептерсіз балалардың балабақшаға бармауы белгілі болды. Есепке алу табельдері мен орындалған қызмет актілері бойынша тәрбиеленушілердің қатысу сомасы арасындағы ауытқушылық 3 420,4 мың теңгені құрады.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша шығыстарының есебі жалпы сомасы 3 990, 0 мың теңгеге әдістеме бойынша жүргізілмеген.
Балалардың саны және бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құнын көрсетілместен, жалпы сомасы 373 811,0 мың теңгеге шарт жасалған.
Аудит қорытындысы бойынша 3 420,4 мың теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар бюджетке аударылды, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті