Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2022 жылдың I тоқсанында 26 аудиторлық іс-шара өткізді, оның ішінде ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 1 аудиторлық іс-шара және жоспардан тыс 25 аудиторлық іс-шара.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге бюджет қаражаты қамтылды, тексеру қорытындылары бойынша 825,6 млн. теңге сомасында бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- 58,9 млн. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар (немесе 7 %);
- 766,7 млн. теңге сомасына рәсімдік бұзушылықтар (немесе 93%).
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 11,8 млн.теңге қалпына келтірілді және өтелді (немесе 20%).
Жіберілген бұзушылықтар үшін 15 қызметкер жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 13 лауазымды тұлға тәртіптік тәртіпте, 2 лауазымды тұлға 299 мың теңге айыппұл сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жалпы сомасы 117,1 млрд. теңгеге 7 894 лот қамтылды және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 8,9 млрд.теңге сомасына 922 хабарлама жіберілді.
Департамент ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді. Есепті кезеңде барлығы 6202,5 мың теңге айыппұл түрінде 69 әкімшілік жаза салынды, олар толық көлемде өндірілді.
Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті