Меню

Страницы

Статья

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында әлеуметтік инфрақұрылымды және жан басына шаққандағы қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылуына жүргізілген аудит қорытындылары туралы

  Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Ақтөбе облысы білім басқармасының Қобда ауданының білім бөлімі" ММ-де мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында әлеуметтік инфрақұрылымды және жан басына шаққандағы қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыруға бөлінген қаражаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне аудиторлық тексеру жүргізді.

        Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 701730,1 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның  ішінде  қаржылық бұзушылықтар- 22156,2 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар- 679573,9 мың теңге.

       Аудитпен мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу мемлекеттік сатып алу веб-порталында көрсетілген қызметтер актілеріне бекітілетін экономикалық сыныптаманың ерекшеліктері бойынша бөле отырып, жобалық қуаты және қажеттілік бойынша жүргізілетіні анықталды.

        Мәселен, ішінара  аудит кезінде 2021 жылғы  қарашада  "Қобда ауданының білім бөлімі" ММ-сі  ауданның мектепке дейінгі ұйымдарына шығынның қажеттілігін растамастан, көрсетілген қызметтердің актісі бойынша 3209,3 мың теңге қаражат аударған.

       2021 жылы орындалған қызметтер актісімен балалардың қатысым табельдерін салыстыру әдісімен ішанара аудит жүргізу кезінде ауданның мектепке дейінгі ұйымдарында дәлелді себептерсіз балалардың балабақшаға бармауы белгілі болды. Есепке алу табельдері мен орындалған қызмет актілері бойынша тәрбиеленушілердің қатысу сомасы арасындағы ауытқушылық  18946,3 мың теңгені құрады.

       Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша шығыстарының есебі жалпы сомасы 19012,5 мың теңгеге әдістеме бойынша жүргізілмеген.

       Аудитпен 2019 және 2021 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарда тәрбиеленушілердің саны және 1 тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны туралы деректер жоқ екені анықталды.

       Балалардың саны және бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құнын көрсетілместен, жалпы сомасы 660561,4 мың теңгеге шарт жасалған.

         Аудит қорытындысы бойынша 22156,2 мың теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар бюджетке аударылды, кінәлі лауазымды тұлға "сөгіс" түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

          Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Дата публикации
24 июня 2022
Дата обновления
24 июня 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы