Меню

Страницы

Статья

«Балдәурен» бөбекжай– балабақшасы» МКҚК-дағы аудиторлық іс-шара қорытындысы туралы

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен  «Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» ММ-сінің «Балдәурен» бөбекжай– балабақшасы» МКҚК-да  Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігіне жоспардан тыс аудиторлық тексеру жүргізілді.

        Аудит барысында аудитпен қамтылған кезеңде аталған кәсіпорынның жұмыс уақытын есепке алу табелі, еңбекақы есептеу тізімдемесі және банк үзіндісін салыстыра отырып тексеру нәтижесінде жалпы сомасы 8 856,4 мың теңгеге еңбекақы, демалыс ақысы, сауықтыру жәрдемақысы, іссасар шығындары, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша негізсіз бюджет қаражатын аудару деректері анықталды.

        Кәсіпорын қызметкерлеріне нақты істелген жұмыс уақыты үшін төленетін тиісті еңбекақыларынан артық 2018 жылы – 1036,0 мың теңге, 2019 жылы – 2107,4 мың теңге, 2020 жылы –  2486,5 мың теңге, 2021 жылы – 3198,3 мың теңге, 2022 жылы – 28,2 мың теңге негізсіз аударылған.

        Еңбекақы есептеу тізімдемесі мен банк үзіндісі есебіне сәйкес бір қызметкерге 2018 жылы 20 пайыз экологиялық үстемақысы дұрыс есептелмегендіктен, 19,8 мың теңге, 2019 жылы 28,0 мың теңге, 2020 жылы 57,4 мың теңге кем аударылған.

        Қызметкерлердің зейнетақы жарналары 2018 жылы  107,5 мың теңгеге, 2019 жылы  596,5 мың теңгеге, 2020 жылы 494,0 мың теңгеге, 2021 жылы  612,4 мың теңгеге кем аударылған.        

          Сонымен қатар, іссапар шығындары бір қызметкерге 37,0 мың теңгеге және бір қызметкерге  5,3 мың теңге кем аударылғаны банк үзіндісімен анықталды.

        2018 – 2019 жылдар аралығында  бір қызметкерге 195,8 мың теңге негізсіз аударылған.

        Аудит қорытындысы бойынша негізсіз аударылған жалпы сомасы 9 052,2 мың теңге  бюджет қаражаты бойынша материалдар процессуалды шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілді және аудит объектісіне бұзушылықтарды қалпына келтіру жөнінде нұсқама жолданды.

        Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Дата публикации
08 июня 2022
Дата обновления
08 июня 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы