Меню

Страницы

Статья

Қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудиттің маңызды бөлігі

Қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалауға негізделген мемлекеттік аудиттің түрі болып табылады.

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ретінде, өз құзіреті шегінде,  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізеді.

Департаменттің 2021 жылға бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізіліп, нәтижесінде белгіленген көлемде және нысандар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептiлiктерін жасау мен ұсынуда қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соққан бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Қаржылық есептілік аудиті қорытындысымен есепті кезең үшін қаржылық есептілікке әсер ететін жалпы сомасы 178 888, 6 мың теңге бұзушылықтар, оның ішінде 491,8 мың теңгеге қаржылық бұзушылық, 178 396,8 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.  Департамент тарапынан жүргізілген ден қою шараларымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер қалпына келтірілді. Бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекет пайдасына 153,2 мың теңге айыппұл төленді.

Сонымен бірге, аудит барысында анықталған өзекті мәселелердің бірі Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға қатысты болып отыр, яғни Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 18-қосымшасында орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандары қарастырылмағаны және Жамбыл облысы әкімінің 2016 жылдың 11 сәуірдегі № 123 қаулысымен орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiне енгізілмегені анықталды.

Осыған орай, Орман Кодексі мен Еңбек кодексін басшылыққа ала отырып, Жамбыл облысы әкімінің 2016 жылдың 11 сәуірдегі № 123 қаулысына орман шаруашылығы мен су шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін қосымша енгізіп, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз ету ұсынылып, нәтижесінде Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 17-3 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 мамырда № 28233 болып тіркелді) шешімі шығарылды.

 

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Дата публикации
21 июня 2022
Дата обновления
21 июня 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы