Меню

Страницы

Статья

Қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудиттің маңызды бөлігі

Қазіргі таңда кез келген мемлекет үшін өзекті мәселелердің бірі болып мемлекеттік қаржы, мемлекеттік меншік, табиғи байлық, тағы сол сияқты маңызы жоғары ұлттық ресурстарды басқару тиімділігін арттыру табылады. Бұл мәселені шешуде мемлекет пен қоғамның бірлесе әрекет етуі үшін мемлекеттік аудит институты ерекше орын алады. Яғни, аудит бюджеттік қаражаттарды бөлудің бағыттылығын, мақсаттылығын және құқықтық негізделуін дәстүрлі тексеруден алшақтап, мемлекеттік ресурстарды тиімді, нәтижелі және үнемді пайдаланудың мемлекеттік аудиті сипатына ие болды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік аудит мемлекеттік қаржыларды басқару саласында атқарушы билік органдарының шешім қабылдауы мен оны жүзеге асырудың сапасына елеулі ықпалын тигізеді, сонымен қатар олардың қызметтеріндегі жауапкершілікті, ашықтық пен есеп берушілікті арттыруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалауға негізделген мемлекеттік аудиттің түрі болып табылады.

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ретінде, өз құзіреті шегінде,  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізеді.

Департаменттің 2021 жылға бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Қаржы бөлімі) шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізіліп, нәтижесінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларында» белгіленген көлемде және республикалық, жергілікті бюджет есебінен ұсталатын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларында» белгіленген көлемде және нысандар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептiлiктерін жасау мен ұсынуда қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соққан бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Қаржы бөлімінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудит барысында анықталған жалпы сомасы 748,6 мың теңге қаржылық бұзушылықтың 252,2 мың теңгесі бюджетке өтелді, жалпы сомасы 9 269 527,1 мың теңгеге рәсімдік бұзушылықтардың 2 474 355,7 мың теңгеге  қалпына келтіріліп, есепті кезең үшін қаржылық есептілікке түзетіліп, дұрыс енгізілді. Бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекет пайдасына 153,2 мың теңге айыппұл төленді. Бүгінгі күнге ден қою шаралары арқылы анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан қалпына келтірілді.

Департамент тарапынан бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылатынын ескере отырып,  бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін белгіленген тәртіппен қарау, алдағы уақытта заңнама талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету, нормативтік-құқықтық актілерді, оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жетік меңгеру мақсатында есеп бөлімі мамандарының    1-С Бухгалтерия бағдарламасы бойынша біліктіліктерін арттыру бойынша ішкі мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша ұсынымдар берілді.

 

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті

 

 

Дата публикации
22 июня 2022
Дата обновления
22 июня 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы