Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі – Департамент) "Алматы облысы бойынша білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінде еңбекақы төлеуге бюджет қаражатын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне аудит жүргізілді, қорытындысы бойынша 115 997,545 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда: жалақы түрінде бюджет қаражатын негізсіз аудару, жалпы сомасы 92 950,487 мың теңгеге білім бөлімінің қызметкерлері болып табылмайтын адамдардың карт-шоттарына сауықтыруға арналған жәрдемақы, сондай-ақ жалпы сомасы 23 047,058 мың теңгеге білім бөлімінің қызметкеріне еңбекақыны және сауықтыруға арналған жәрдемақыны растаушы құжаттарсыз карт-шотына негізсіз аударған.
Іс-құжаттар шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) берілді.
Алматы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит
Департаменті