Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2021 жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі негізінде қаржылық есептіліктің аудиті 3 мемлекеттік мекемелерде жүргізілді, соның ішінде:
- «Батыс-Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ - жалпы сомасы 1 066,9 млн. теңге бұзушылықтар анықталған, атап айтқанда, ведомствалық бағыныстағы мекеменің теңгеріміне берілген қысқа мерзімді активтер (вакциналар) уақтылы есептен шығарылмағандықтан жылдық есептілікте көрсетіліп, соның салдарынан шоғырландырылған қаржылық есептіліктің бұрмалауына жол берілген. Әкімшілік жауапкершілікке 1 лауазымды тұлға тартылып, 76,6 мың теңге айыппұл төленді.
- «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі бойынша жалпы сомасы 2 789,6 млн. теңге бұзушылықтар анықталған, соның ішінде аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдардың негізсіз есептен шығарылғаны, кредиторлық және дебиторлық берешектердің, активтердің амортизациясын, есепті кезеңнің қаржылық нәтижесінің нақты сомаларын көрсетпеуі және қызметкерлерге негізсіз материалдық көмек берілгені шоғырландырылған есептіліктің нақты көрсеткіштерін бұрмалауына әкеп соққан. Әкімшілік жауапкершілікке 2 лауазымды тұлға тартылып- 422,9 мың теңге айыппұл төленді.
- «Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-сі бойынша жалпы сомасы 1 256,5 млн. теңге бұзушылықтар анықталған: бухгалтерлік есеп бойынша кіріске алуға жататын негізсіз есептен шығарылған активтер, соның ішінде аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар аудит барысында қалпына келтіріліп, жылдық қаржылық есептілігі дұрысталып тапсырылған. Әкімшілік жауапкершілікке 2 лауазымды тұлға тартылып, 116,7 мың теңге айыппұл төленді.
Аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне бұзушылықтарды жоюға және лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуға нұсқамалар жіберілді.
Департаментпен Батыс Қазақстан облысы әкімінің атына 2021 жылғы қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері туралы ақпарат жіберілді
Қаржылық есептілік аудит бөлімінің басшысы: Г.Мулдагалиева