Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2022 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша 47 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде 41 іс-шара - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекетттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін, 6 іс-шара- республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қамтиды.
Аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 8990,2 млн. теңгеге бюджет қаражаттары және мемлекет активтері қамтылып, жалпы сомасы 5211,8 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар сомасы 976,3 млн. теңгені және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 4235,5 млн. теңгені құрады.
Есепті кезеңде анықталған жалпы сомасы 976,3 млн. теңге қаржылық бұзушылықтардан 969,1 млн. теңге (99,3%) өтелді және қалпына келтірілді, оның ішінде өтелуге жататыны – 565,9 млн. теңге болса, бюджетке 562,8 млн. теңге (99,2%) өтелді және жалпы сомасы 406,3 млн. теңгеге тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету және есеп бойынша көрсету арқылы қалпына келтірілді.
2022 жылдың 1- тоқсанында камералдық бақылаумен 121197,0 млн.теңге соманың 10266 лоты мен жоспар тармақтары (қамту 98,4% құрайды) қамтылды, 807 лот бойынша 12970,0 млн.теңгеге бұзушылықтар аңықталды.
Департаментпен есепті кезеңде 155 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 8752,5 мың. теңге сомасына әкімшілік жаза салынып, бүгінгі күні толығымен бюджетке өндірілді.
Сондай-ақ, аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 14 лауазым тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды