Меню

Страницы

Статья

СҚО-да жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілген гранттарды мақсатсыз пайдалану

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сінде 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес - идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беруге бөлінген бюджет қаражатын жұмсаудың негізділігі мәселесі бойынша жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 2828,6 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды.

         Мәселен, «Тігін шеберханасы» бизнес – жобасын іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражаты нысаналы мақсатта пайдаланылмаған, алушыларға гранттар Петропавл қаласында тұрақты тіркеуде болмаған кезде берілген, алушылар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы мемлекеттік гранттың нысаналы пайдаланылуын уақтылы растамаған.

Бұдан басқа, 4023,7 мың теңге сомасында рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Қазіргі уақытта аудит объектісімен бюджет кірісіне қаражатты өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Мемлекеттік аудит материалдары тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына берілді.

Дата публикации
16 июня 2022
Дата обновления
16 июня 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы