Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитінің қорытындылары

Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 3 мемлекеттік мекеме: «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нде, «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нде, «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нде және 12 ведомстволық бағынысты мекемелерде 2021 жылдағы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізілді.

Аудит қорытындысы бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ - де 6 159,4 мың. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды. Аудит барысында бюджетке – 4 237,0 мың. теңге өтелді.

Соның ішінде «Орталық жүйке жүйесі органикалық зақымданған және психикасы бұзылған балаларға арналған Рудный мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде ыңғайласпа тексеру жүргізу кезінде мүліктің сақталуын қамтамасыз етпеу себебінен туындаған 3 662,0 мың. теңге залал; бас бухгалтер А. Б. Ахметбекованың карт-шотына артық аударылған 575,0 мың. теңге ақшалай қаражат өтелді.

Есепке алу бойынша демалыстар бойынша резервтің артық есептелген сомасы, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу бойынша кіріске алуға жататын негізсіз есептен шығарылған активтер 1 922,4 мың. теңге сомасына қалпына келтірілді.

Сондай-ақ, мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит жүргізу барысында бухгалтерлік есеп шоттары бойынша бухгалтерлік операцияларды дұрыс көрсетпеу бөлігінде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын және ұсынылған қаржылық есептіліктің мекемелердің бастапқы құжаттарына сәйкес келмеуі бөлігінде қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бұзушылықтар анықталды, бұл сайып келгенде 792 244,5 мың. теңге сомасына қаржылық есептіліктің бұрмалануына алып келді.

Жол берілген бұзушылықтар аудиторлық іс-шараларды жүргізу барысында бухгалтерлік есептің тиісті шоттары бойынша бухгалтерлік жазбалар енгізу, сондай-ақ қаржылық есептілікке өзгерістер енгізу арқылы жойылды.

Жалпы алғанда, аудиторлық іс-шаралармен есепті кезеңнің басында және соңында есепте тұрған активтерді, міндеттемелерді және таза активтерді/капиталды көрсетудің толықтығы, ақша қаражатының қозғалысын есепке алудың, дебиторлық және кредиторлық берешекті есептеудің, есепті кезеңде жасалған кірістер мен шығыстар шоттарын жабудың және басқа да қаржы-шаруашылық операцияларының дұрыстығы мәселелері қамтылды.

Мекемелер дебиторлық және кредиторлық берешектерге мониторинг жүргізу бойынша жұмысты толық көлемде жүргізбейді, берешектерді өтеу және өндіріп алу бойынша толық шаралар қабылдамайды.

Аудит нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жоюға және лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуға нұсқамалар жіберілді. Сондай-ақ, облыс әкімінің атына шолу хат жолданды.

 

 

Қостанай облысы бойынша

ішкі мемлекеттік аудит департаменті

 

 

 

Дата публикации
03 июня 2022
Дата обновления
03 июня 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы