2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізімі негізінде Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға тұрақтандыру қорларын қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану бойынша аудиторлық іс-шара жүргізілді. Қамтылған бюджет қаражатының жалпы сомасы 50 000,0 мың теңгенi құрайды, оның iшiнде белгiленген қаржылық бұзушылықтардың сомасы 10 048,3 мың теңгенi құрады. Тексеру нәтижелері бойынша 2021 жылғы қараша-желтоқсан айлары арасында «Тобыл» ӘКК тұрақтандыру қорынан алынған бюжеттік қаражаттар, азық-түлік өнімдерін уақтылы жедел жабдықтауды қамтамасыз етпеген және шарт талаптарында көзделген шарттық міндеттемелерді орындамағаны анықталды, осыған байланысты тұрақтандыру қорының депозиттік шоттарға орналастырылған қаражатынан 10 048,3 мың теңге сомасында негізсіз сыйақы алынған
Қостанай облысы бойынша Iшкi мемлекеттiк аудит департаментi