Меню

Страницы

Статья

Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ден қою шаралары

ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - Комитет) 2022 жылғы 4 айы барысында 739 аудиторлық іс-шаралар жүргізіп, оның барысында 1 656 543,3 млн.теңге қаражат қамтылған. Бұл ретте, сомасы 74 522,1 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бүгінгі күнге дейін тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен 65 379 млн. теңге жойылған.

Жүргізілген аудиторлық шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға, сондай-ақ, аудит объектілерінің қызметтерін жетілдіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған 604 ұсыныс беріліп, олардың 410 орындалған.

 Бұзушылықтарға жол бергені үшін 511 кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған және 180 лауазымды тұлға сомасы 42,4 млн. теңге айыппұл көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 41,2 млн. теңгесі бюджетке төленген.

Аудиторлық шаралардың қорытындылары бойынша процессуалды шешім қабылдау үшін сомасы 106 516,6 млн.теңге болатын 44 материал құқық қорғау органдарына жолданды.

Дата публикации
10 мая 2022
Дата обновления
10 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы