Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті есепті кезеңде 29 аудиторлық іс-шара өткізді, аудит жалпы сомасы 4 979,2 млн.теңгені құрайтын бюджет қаражатын қамтыды, оның нәтижелері бойынша жалпы сомасы 4 908,9 млн.теңгеге немесе қамтудың жалпы көлемінің 98,6% заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:247,06 млн.теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар;3686,9 млн.теңге сомасындағы іс жүргізу сипатындағы бұзушылықтар;975,02 млн.теңге сомасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзылуы.Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 247,06 млн.теңге қалпына келтіруге, есепке алуға және бюджетке өтелуге жатады, оның ішінде 224,8 млн.теңге көлеміндегі бұзушылықтар жойылды.Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін аудит объектілеріне 27 нұсқамалар жіберілді, оның ішінде 8 нұсқамаларға орындалу мерзімі келмеген. Толығымен 19 нұсқама орындалды. Нұсқамаларға берілген жауаптарға сәйкес, аудит объектілерінің 22 лауазымды тұлғалар жіберілген бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2022 жылдың 3 айына Департаментпен лауазымды тұлағаларға қатысты жалпы сомасы 4,165 млн.теңге айыппұл салуға 44 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, оның 4,165 млн.теңгесі бюджетке өтелді.Департаментпен процессуалдық шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарына 31аудиторлық материалдарды жіберілді, оның ішінде: 2 - материал сотқа жолданды, 1-материал бойынша ҚР ҚІЖК 35 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттерінің болмауына байланысты тоқтатылды, 1 - материал бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылу үшін басқа органдарға хаттар жолданы, 25 материал өндірісте.