ШҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің (бұдан әрі – Департамент) 2022 жылғы 1 тоқсандағы аудиторлық қызмет саласындағы көрсеткіштері.
Есептік кезеңде Департамент 7 591,8 млн.теңге мөлшерінде бюджет қаражатын қамти отырып, 31 аудит объектісінде 35 аудиторлық іс-шара өткізді.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша Департаментпен жалпы сомасы 1 166,2 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 512,4 млн. теңге, соның ішінде:
- 116,1 млн. теңге сомасына ағымдағы шығыстар бойынша бұзушылықтар;
- 21,5 млн. теңге сомасында трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру бойынша;
- 5,2 млн. теңге сомасына бюджеттік кредиттер бойынша бұзушылықтар;
- 2,8 млн. теңге сомасына күрделі шығындар бойынша бұзушылықтар;
- 3,8 млн. теңге сомасына мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзушылықтары;
- бухгалтерлік, бюджеттік есепке алуды жүргізу және қаржылық, бюджеттік есептілікті жасау кезіндегі заңнама бұзушылықтары – 354,8 млн. теңге;
- мемлекет, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару және пайдалану кезіндегі заңнама бұзушылықтары - 8,0 млн. теңге;
Сондай-ақ, 653,8 млн. теңге сомасына ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын қолдану бойынша рәсімдік бұзушылықтар анықталды;
Өтеуге және қалпына келтіруге жататын қаржылық бұзушылықтар сомасынан (151,7 млн.теңге) 82,2 млн. теңге немесе 54,2% өтелді және қалпына келтірілді. Қалған сома 69,5 млн.теңгені құрады, олар бойынша нұсқаманың мерзімі келген жоқ.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 5 лауазымды тұлға 311,73 мың теңге көлемінде айыппұл сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды (бюджетке толық көлемде өндірілді), сондай-ақ 18 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Департаменттің камералдық бақылау саласындағы көрсеткіштері.
2022 жылдың 1 тоқсанында Департаментпен 230,0 млрд.теңге сомасына 14125 мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Қорытындысы бойынша, камералдық бақылау объектілерінің атына 25,2 млрд. теңге сомасына бұзушылықтарды жоюға 480 хабарлама жіберілді. Кейбір сәттерді қоспағанда, хабарламалар белгіленген мерзімде орындалды.
Бұл ретте, департаменттің хабарламаларын мерзімінде орындамағаны/тиісінше орындамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты 7 жағдайда әкімшілік іс жүргізу қозғалды, сондай-ақ камералдық бақылаудың 12 объектісі бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру бойынша шаралар қабылданды.
Бұзушылықтардың ең көбі техникалық ерекшелікте және конкурстық құжаттамаларда ҚР заңнамасында көзделмеген талаптарды белгілеу сияқты баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды қоса алғанда, камералдық бақылаудың бірінші бағыты бойынша анықталды, мысалы: жұмыс тәжірибесінің болуы, ағымдағы жөндеу кезінде лицензияның болуын негізсіз талап ету, тауарды жеткізу/жұмыстарды орындау/қызметтерді көрсету мерзімі 15 күнтізбелік күннен кем, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді біртектілігі бойынша лоттарға бөлмеу, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері арасында жарияламай, жалпы негіздерде сатып алуды жариялау, техникалық ерекшелікті мемлекеттік тілде орналастырмау. Сондай-ақ, әлеуетті өнім берушілерді негізсіз жіберу және негізсіз қабылдамау, «жұмыс тәжірибесі» критерийі бойынша шартты жеңілдікті дұрыс есептемеу және т. б. сияқты төртінші бағыт бойынша бұзушылықтарға жиі жол беріледі.