Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жеке тұлғаның өтініші негізінде "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Шал ақын ауданының білім бөлімі" КММ Приишим орта мектебінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің негізділігі мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара өткізілді.
Аудиторлық іс-шара барысында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 31 тамызына дейін мектеп штатында жалған тіркелген Приишим орта мектебінің музыкалық жетекшісіне жалақы төленгені анықталды. Білім бөлімі жалақыны есептеу Приишим орта мектебінің директоры қол қойған жұмыс уақытын есепке алу табельдерінің негізінде жүргізілді.
Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 103-бабының 1-тармағын бұза отырып, нақты жұмыс істемеген уақыт үшін жалақы негізсіз есептеліп, төленді.
Аталған бұзушылық жалпы сомасы 648,5 мың теңге бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға алып келді.
Аталған факті бойынша материалдар шешім қабылдау үшін "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" РММ-не жолданды.