Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Қостанай қаласы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы» МКК-нда жанар-жағар май материалдарын пайдаланудың заңдылығы мәселесі бойынша сәйкестік аудитін жүргізді.
Аудит нәтижелері бойынша сомасы 18 437,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: материалды жауапты адамдарда АИ-92 бензинінің 2670 л көлемінде сомасы 3 373,6 мың теңге жетіспеушілігі, жазғы дизель отынының 97 640 л көлемінде сомасы 18 063,4 мың теңге жетіспеушілігі анықталды.
Аудит қорытындылары бойынша Кәсіпорын атына анықталған бұзушылықтарды жою және 18 437,0 мың теңге көлеміндегі залал сомасын өтеу туралы нұсқама жіберілді.
Қабылданған шаралар арқылы кінәлі тұлға материалдық залалды Кәсіпорын табысына өтеп, төлем тапсырма арқылы 18 437,0 мың теңге толық көлемде аударылды.
Бұған қоса, аудиторлық іс-шара материалы кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.
Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті