Меню

Страницы

Статья

«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар» аудандық мәдениет үйі» МКК-нда жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындылары

 

Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар» аудандық мәдениет үйі» МКК-нда аудиторлық іс-шара жүргізіп, оның барысында сомасы 22,1 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Осымен, Кәсіпорынның бас бухгалтері бастапқы және банк құжаттарының негізінде, 2018 жылдан бастап 2021 жылғы маусым аралығында Кәсіпорын басшысының электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдалана отырып, жүйелі түрде Кәсіпорын қызметкерлерінің карт-шотына нақты жұмыс істелмеген кезең үшін жалақыны негізсіз аударып отырғаны анықталды.
Аудиторлық іс-шараның материалдары бюджет қаражатын талан-таражға салу дерегі бойынша шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді, қарастыру нәтижелері бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа берілді.
Федоров аудандық сотының 14.02.2022 жылғы үкімімен Кәсіпорынның бас бухгалтері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4) бөлігі 2) тармағымен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты (аса iрi мөлшерде жасалған сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) жасауда кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 (жеті) жыл мерзіміне бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қостанай облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Дата публикации
11 апреля 2022
Дата обновления
11 апреля 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы