Меню

Страницы

Статья

Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті заңды тұлғаларға 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, олар аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру, бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беру, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру.

Біліктілік талаптары мен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі Қаржы министрлігінің тиісті бұйрықтарымен реттеледі, онда қызметті көрсетудің нақты мерзімі 2-10 жұмыс күні болып белгіленген.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылған және «Электрондық үкімет» веб-порталдары арқылы көрсетіледі.

Комитет өткен 2021 жылғы кезеңде 213 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде: аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру бойынша - 181 мемлекеттік қызмет, бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беру бойынша – 8 мемлекеттік қызмет, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру бойынша – 20 мемлекеттік қызмет, кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру бойынша – 4 мемлекеттік қызмет.

Мемлекеттік қызметтертер көрсетуде көрсетілетін қызметті алушылардың кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық,      мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру, мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік сияқты негізгі қағидаттар қатаң сақталады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жетілдіру мақсатында түсіндіру жұмыстары және мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша қызметкерлердің біліктілік санаттарын көтеру жөнінде іс-шаралары үздіксіз жүргізіліп келеді.

Азаматтар шешіммен келіспеген жағдайда, Комитет және Қаржы министрлігінің басшылығына белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

Дата публикации
15 марта 2022
Дата обновления
15 марта 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы