Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жеке тұлғаның өтініші негізінде "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Емханасы бар орталық госпиталі" ММ-де олармен бірге тұратын қызметкерлердің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында медициналық көмек алуға құқығы бар құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне медициналық көмек көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара өткізді.
Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабын бұзғаны анықталды, атап айтқанда мекеме стационарлық медициналық көмек алған адамдар санаттарының есептік деректерінің анықтығын қамтамасыз етпеген.
Бұдан басқа, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 70-бабының 4-тармағын бұза отырып, мекеме құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне және онымен бірге тұратын қызметкерлердің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ өзге де пациенттерге 014 «Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін емдеу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражаты есебінен 7 850,1 мың теңге сомасында стационарлық медициналық көмек көрсетті, ал бұл қызметтерге ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асыру тиіс.
Аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша аудит объектісінің атына анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді.