Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасында» Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде «Есіл ауданы, Қарқаралы тас жолы, № 43а учаскесіндегі қырғауыл ферманы реконструкциялау» жобасын іске асыру кезінде бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара өткізді.
Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар, атап айтқанда құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған шартқа қосымша келісімді негізсіз жасасу, авторлық қадағалау қызметтерін көрсету бойынша шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті орналастырмау анықталды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68-бабының 12-тармағын бұза отырып, тапсырыс беруші мекеме атынан Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпестен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге жол берді.
Аталған факті бойынша аудит материалдары әкімшілік іс жүргізуді қозғау туралы мәселені қарастыру үшін «Нұр-сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-не жіберілді.
Аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша аудит объектісінің атына анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді.