Меню

Страницы

Статья

«Астана Тазалық» ЖШС-дегі аудит қорытындысы

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде «Астана Тазалық» ЖШС-де  тікелей шарт жасасу және жүргізушілер мен механизаторларды ауысым алдындағы тәулік бойы медициналық тексеру қызметтерін көрсетушілердің шарттық міндеттемелерін орындауы арқылы бір көзден алу тәсілімен дизель отынын жеткізуге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудың негізділігі мәселелері бойынша аудиторлық іс-шара өткізілді.

       «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 39-бабының  3-тармағының 50-тармақшасына сәйкес, ЖШС дизель отынын жеткізуге тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты негізсіз жасасқанын аудиторлық іс-шарамен анықталды

     Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Серіктестік басшысына қатысты Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабы 11-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

       Бұдан басқа, Серіктестік Заңның 43-бабының 18-тармағын бұза отырып, жүргізушілер мен механизаторларды ауысым алдындағы тәулік бойы медициналық тексеру қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қосымша келісімдерді заңсыз жасасқан.

      2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 «Міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу қағидалары мен кезеңділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің, медициналық қарсы көрсетілімдердің көлемін, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін бекіту туралы» 4-қосымшаны бұза отырып, оларды орындау кезінде жұмысқа түсу кезінде алдын ала міндетті медициналық тексерулер және мерзімді міндетті медициналық тексерулер және «Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары ауысым алдындағы медициналық қарап тексеру журналдарында шартты орындау шеңберінде медициналық қарап тексеруден өткен Серіктестік қызметкерлерінің қолдары жоқ.

          Аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша аудит объектісінің атына анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді.

 

Дата публикации
30 декабря 2021
Дата обновления
30 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы