Меню

Страницы

Статья

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және оның бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдері 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындылары бойынша есеп берді

Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 2021 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде заңнаманың этикалық талаптарын сақтау мәселесі бойынша жергілікті жерлердегі аумақтық бөлімшелермен кезекті кеңес өткізді.
Кеңесте Комитет төрағасының 26.04.2021 жылы № 90 қабылдаған бұйрығы талқыланды, онда ішкі мемлекеттік аудит қызметкерлерінің мемлекеттік қызметте болу кезіндегі этикалық нормалар талаптарын сақтау рәсімдері айтылған.
Осы құжаттың негізгі талаптарының бірі мемлекеттік аудиторлардың тексерулердегі ресми мінез-құлқы, олардың этикалық талаптарды сақтауы болып табылады. Ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру кезінде жалпы қабылданған моральдық нормалар мен қағидаттарды сақтау. Аудитті жүзеге асыру кезінде әділдік қағидаттарын сақтау, іске қатысты барлық мән-жайлар мен фактілерді салмақтап бағалау, өз тұжырымдары мен пайымдауларында өз мүдделерінің немесе басқа тұлғалардың мүдделерінің әсеріне ұшырамау бөлігінде ұсынымдар берілді. Мемлекеттік аудит органдарының тәуелсіздігіне қол сұғатын араласуға жол бермеу, мемлекеттік аудит нәтижелерін аудиторлық дәлелдемелермен растау, мемлекеттік қызметке кір келтіретін немесе объективтілікке немесе тәуелсіздікке күмән туғызатын құқық бұзушылықтар жасау тәуекеліне әкеп соғатын лауазымдық мәртебені жеке мақсатта және қатынастарда пайдалануға жол бермеу жөнінде ұсынымдар берілді.

Дата публикации
27 апреля 2021
Дата обновления
27 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы