Меню

Страницы

Статья

Қостанай облысы мемлекеттік мекемесінде бюджет қаражатын пайдалану аудиті қорытындысы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жалпы сомасы 435 333,8 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Оның ішінде: орташа күндік жалақының дұрыс есептелмеуі нәтижесінде демалыс төлемдерінің артық төленуі анықталды, іссапар шығыстары бойынша артық төлеу жүргізілді, негізгі құралдардың артығы анықталды. Мекеме бензинді есептен шығару бойынша шығыс нормаларын асырды, тауарлық-материалдық қорларды есептен шығару бойынша операциялар жүргізілген жоқ, шаруашылық тауарларын есептен шығару актілері, ЖЖМ есептен шығару ведомостары, мекеменің мұқтаждықтары үшін шаруашылық материалдарын беру ведомостары және автокөлікті жөндеуге арналған ақаулы актілер жасалмады, мекеме балансында жоқ активтерге нақты шығыстар жүргізді.

Сондай-ақ, жалпы сомасы 12284,0 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: мекеме күрделі емес сипаттағы тұрғын үй қорының пәтерлерін ұстауға шығыстар жіберді, қызметкерлердің аванстық есептері мерзімдерін бұза отырып ұсынылды,  бухгалтерлік құжаттаманы қабылдау-беру туралы бұйрық шығарылмаған және құжаттама акт бойынша берілмеді, материалдық жауапты тұлғамен толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасалмады, мекеме Қағидаларда белгіленген мерзімде негізгі құралдар мен қорларды  түгендеуді жүргізбеді. Сондай-ақ, аудитпен 33 100,0 мың теңге сомасына сатып алу қорытындысына әсер еткен Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау бұзушылықтары анықталды.

Аудит қорытындысы бойынша бюджетке өтелуге және қалпына келтірілуге жататын 435 333,8 мың теңге сомасындағы бұзушылықтар толық көлемде өтелді және қалпына келтірілді.

Аудит қорытындысы бойынша 1 лауазымды тұлға толық көлемде төленген 69,4 мың теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 Қостанай облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Дата публикации
03 декабря 2020
Дата обновления
03 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы