Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесінде еңбекақы бойынша мониторинг жүргізуде. 05.10.2026 жылғы жағдай бойынша 9 365,0 мың теңге сомасында еңбекақыны асыра бағалау (артық төлеу) бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 2026 жылы 2023 жылдағы 1 786,7 мың теңге анықталды. Бұзушылықтар жойылды және бюджетке толық көлемде өтелді.
Департамент күн сайын еңбекақыны асыра бағалау, негізсіз төлемдер жасау, жұмыс істелген сағаттар мен мөлшерлемелерді (ставкаларды) қолдан арттыру тәуекелдеріне талдау жүргізеді.
Сонымен қатар Департамент «Мเมңдіқара ауданының білім бөлімі» ММ-мен, сондай-ақ ведомствоға қарасты ұйымдармен бірлесіп, мектеп директорлары мен бухгалтерлері үшін «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік қағидалары бойынша кеңес өткізді.