Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Хромтау ауданы Аққұдық ауылы әкімінің аппараты» ММ-де (бұдан әрі - Мекеме) 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жоспарлы аудиторлық іс-шара жүргізді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексінің 103- бабының 1-тармағына қайшы, мекеменің жұмыс уақытын есепке алу бойынша құжаттарында нақты жұмыс істемеген уақыты үшін 2024-2025 жылға жалпы сомасы 206,4 мың теңгеге мекеме қызметкеріне негізсіз жалақы төленгені анықталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» №256 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасына қайшы, 2024 жылға мекеме қызметкеріне жалпы сомасы 7,4 мың теңгеге негізсіз тәулiкақы шығындары және осы Қағиданың 3-тармағының 2) тармақшасына қайшы, 2024-2025 жылға мекеме қызметкеріне жалпы сомасы 27,3 мың теңгеге пәтерақы шығындары төленгені анықталды.
ҚР Бюджет кодексінің 4-бабына, №223 Қағиданың 180, 235-тармақтарына, №230 Қағиданың 24-тармағына қайшы, 2025 жылға арналған қаржылық есептілікті жасау кезінде мекемемен жалпы сомасы 1 335,1 мың теңгеге тауарлық-материалдық қорлар негізсіз есептен шығарылған. Бұл 1 335,1 мың теңге сома қаржылық нәтижеге әсер етіп, 31.12.2025 жылғы қаржылық есептіліктегі деректердің бұрмалануына әкеп соқты. Сондай-ақ Бюджет кодексінің 4-бабына, №223 Қағиданың 180,282-тармақтарына, №230 Қағиданың 3-тармағына қайшы, 2025 жылға арналған қаржылық есептілікті жасау кезінде мекемемен жалпы сомасы 7 020,0 мың теңгеге негізгі құралдар негізсіз есептен шығарылғаны анықталды. Бұл 7 020,0 мың теңге сома қаржылық нәтижеге әсер етіп, 31.12.2025 жылғы қаржылық есептіліктегі деректердің бұрмалануына әкеп соққан.
Келісімшарттың 3-бөліміндегі «Тараптардың міндеттері» бөлімінің 10-тармағына және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 4.1.-тармағының 10) тармақшасына қайшы, 3 келісім шарт бойынша 2024 жылға жалпы сомасы 822,0 мың теңгеге және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 4.1.-тармағының 10) тармақшасына қайшы, 2 келісім шарт бойынша 2025 жылға жалпы сомасы 482,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталған.
Қорытындылай келе, жалпы бұзушылықтар сомасы - 10 138,3 мың теңге, оның ішінде рәсімдік бұзушылық - 1 304,8 мың теңге, қаржылық бұзушылық -8 833,5 мың теңгеге анықталды.
ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 238-бабына сәйкес анықталған бұзушылық бойынша мекеменің бас есепшісіне хаттама толтырылып, бюджет табысына өндірілді.
Сонымен қатар, Департаментпен 09.09.2026 жылы анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілген болатын. Қазіргі таңда 8 592,4 мың теңге қалпына келтірілді және бюджет кірісіне 241,1 мың теңге толық қайтарылды