2026 жылғы 9 айында Департамент әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 302 хаттама жасады, оның ішінде 133 хаттама қарау үшін сотқа жолданды.
169 материал бойынша Департамент жалпы сомасы 32 698 790 теңге көлемінде әкімшілік өндіріп алулар салынды, оның ішінде 30 050 040 теңге өндірілді, атап айтқанда:
- мемлекеттік сатып алу саласындағы 99 әкімшілік құқық бұзушылық ісі, жалпы сомасы 14 932 040 теңге, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 207-бабында көзделген. Негізгі бұзушылықтар тапсырыс берушілердің жеткізушілерді жосықсыз қатысушылар тізіліміне еңгізу бойынша шаралар қабылдамауына, сондай-ақ жекелеген жеткізушілерге артықшылықтар беруіне байланысты;
- бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 69 іс- 17 507 250 теңге сомасында айыппұл салынды (ҚР ӘҚБтК-нің 238, 239-баптары). Құқық бұзушылықтар бухгалтерлік есепті тиісті түрде жүргізбеу, сондай-ақ қоғамдық мүдделі ұйымның қаржылық есептілігіне кәсіби бухгалтер болып табылмайтын бас бухгалтердің қол қоюымен байланысты.
- Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы саласындағы 1 әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша сомасы 259 500 теңге айыппұл ҚР ӘҚБтК-нің 247-бабымен салынды.
Департамент ҚР ӘҚБтК-нің 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерде қысқартылған іс жүргізу тәртібі белсенді түрде қолдануда. Бұл әкімшілік іс қозғалған тұлғаға санкцияда көрсетілген айыппұл сомасының 50 пайызын жеті тәулік ішінде төлеуге мүмкіндік береді.