Меню

Страницы

Статья

Ұлытау облысы бойынша камералдық бақылау қорытындылары (2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы)

Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылауды объектілерге бармай-ақ, мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған деректер негізінде жүзеге асырады.

Камералдық бақылаудың негізгі мақсаты – бұзушылықтарды уақтылы анықтау және олардың алдын алу, сондай-ақ жауапкершілік шараларын қолданғанға дейін тапсырыс берушілерге анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру.

2026 жылдың тоғыз айында Камералдық бақылау бөлімі жалпы сомасы 232,17 млрд теңгені құрайтын 6 684 лотты бақылаумен қамтыды. Нәтижесінде 26,61 млрд теңге сомасындағы 805 лот бойынша бұзушылықтар анықталды. Анықталған фактілер бойынша тиісті хабарламалар жолданып, олардың 15-і белгіленген мерзімде орындалмаған. Жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік сатып алу тәсілдері бойынша бұзушылықтар келесідей бөлінді: 141 хабарлама – шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілі бойынша, 370 хабарлама – баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша және 294 хабарлама – ашық конкурс тәсілі бойынша.

Жиі кездесетін бұзушылықтардың қатарында бір көзден алу тәсілін негізсіз қолдану, баға ұсыныстарын сұрату кезінде тауар белгілерін көрсету, техникалық ерекшеліктердің мемлекеттік тілде ұсынылмауы, сондай-ақ сатып алынатын тауарларға қойылатын стандарттардың көрсетілмеуі бар.

Бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Департамент тапсырыс берушілер мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар арасында заңнамадағы өзгерістер бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Осылайша, камералдық бақылау бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, олардың алдын алуға, тапсырыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға және мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашықтығын нығайтуға бағытталған.

 

Дата публикации
23 сентября 2026
Дата обновления
23 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы