Меню

Страницы

Статья

Ұлытау облысында мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға камералдық бақылау жүргізілді

Мемлекеттік сатып алудың заңдылығы мен тиімділігі оны дұрыс жоспарлаудан басталады. 2026 жылғы шілде айынан бастап камералдық бақылау шеңберінде «Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау» бағыты бойынша №16 «Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының мазмұны» тәуекелдер бейіні қолданылады.

Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылауымен электрондық дүкен арқылы жүзеге асырылатын 162 лот, жалпы сомасы 71,1 млн теңге қамтылды.

Бақылау нәтижесінде 7 лот бойынша жалпы сомасы 15,7 млн теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталып, оларды жою туралы хабарламалар жолданды.

Анықталған бұзушылықтар негізінен электрондық дүкен арқылы сатып алу кезінде біртекті тауарлардың жылдық көлемін ескермеуге, сондай-ақ жылдық жоспарда сатып алу нысаны туралы мәліметтерді толық көрсетпеуге байланысты болды.

Камералдық бақылау бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алуға және уақтылы жоюға мүмкіндік береді. Ал мемлекеттік сатып алуды сапалы жоспарлау – бюджет қаражатын тиімді әрі ашық пайдаланудың маңызды шарттарының бірі.

Дата публикации
23 сентября 2026
Дата обновления
23 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы